Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
AA+
Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
Мекен жайы:
Шымкент қ., Әл-Фараби ауданы, Бәйдібек би даңғылы, 115а
Байланыс номері
8 747 154 35 95 — Әбдібек Аделина
Кіру
Тіркелу

Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері өскелең ұрпақ арасында ұлттық-мәдени құндылықтарды насихаттау, музей мен білім беру ұйымдары арасындағы шығармашылық байланысты нығайту мақсатында «Жалын» мектебі және №57 мектепке арнайы барды.

Кездесу барысында оқушыларға халқымыздың тарихи-мәдени мұрасы, ұлттық құндылықтар мен рухани мұраның маңызы туралы түсіндіріліп, музей жұмысының негізгі бағыттары таныстырылды.

Сонымен қатар, Мұғалімдер күніне орай мектеп ұстаздарына Алғыс хаттар табысталып, ұстаздарға ізгі тілектеріміз білдірілді.

Іс-шара соңында білім беру ұйымдарының ұстаздарымен пікір алмасып, алдағы уақытта бірлескен мәдени-ағартушылық және шығармашылық жобаларды жүзеге асыру бағытында өзара байланыс орнатылды.

Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырып, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға және музей мен білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.