18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Саз әлемінің саңлағы» атты мерекелік мәдени іс-шара ұйымдастырылды. Музыкалық кештің басты мақсаты – ұлттық өнер мен мәдени мұраны дәріптеу, келушілерге рухани-эстетикалық тәрбие беру және музей кеңістігін өнер арқылы жандандыру болды.
Іс-шараға арнайы қонақ ретінде әншілер А. Тәженова, Қ. Сәтмұхамедова, А. Оспанов, М.Байбосынов қатысып, өз өнерлерін көпшілік назарына ұсынды. Кеш барысында орындалған әсем әндер мен әсерлі шығармалар көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ұлттық саз өнерінің құндылығын насихаттады.
Сонымен қатар, мәдени іс-шара жас ұрпақтың дәстүрлі өнерге қызығушылығын оятып, эстетикалық талғамын қалыптастыруға бағытталды.
