Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
AA+
Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
Мекен жайы:
Шымкент қ., Әл-Фараби ауданы, Бәйдібек би даңғылы, 115а
Байланыс номері
+77252775579
Кіру
Тіркелу

Ордабасы ауданында орналасқан Қажымұқан музейі ғимаратында Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі ұйымдастырған "Түркістан – рухани астана" атты көшпелі көрме өтті.
Көрмеде Түркістан қаласының бай тарихы мен рухани маңызын айшықтайтын құнды музей жәдігерлері мен тарихи материалдар көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар көрме аясында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, этнограф ғалым Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдығына арналған арнайы фотокөрме қойылып, оның өмір жолы мен қазақ мәдениетін дамытудағы еңбектері таныстырылды.
Көрменің ашылу салтанатына Қажымұқан атындағы облыстық спорт кешенінің қызметкерлері, музей қызметкерлері және мектеп оқушылары қатысып, Түркістан қаласының және Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің құрылу тарихы, Тайқазан туралы  көптеген ақпараттар алып, өздерінің жылы пікірлерімен бөлісті.Туған өлкенің тарихы мен ұлттық құндылықтар туралы танымдық мағлұмат алды.
Көшпелі көрменің басты мақсаты – Түркістанның тарихи-рухани мұрасын кеңінен насихаттау, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтар мен отансүйгіштік қасиеттерді дарыту.