Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
AA+
Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
Мекен жайы:
Шымкент қ., Әл-Фараби ауданы, Бәйдібек би даңғылы, 115а
Байланыс номері
+7 771 660 72 03 — Пошан Несібелі Бауыржанқызы
Кіру
Тіркелу

Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында облысымыздағы ұлттық мәдени мұраны насихаттау, музей саласының үздік жетістіктерін дәріптеу және музей қызметкерлерінің кәсіби еңбегін көпшілікке таныту мақсатында ұйымдастырылған облыстық «Музейлер шеруі» байқауы қорытындыланып, жеңімпаздар марапатталды.

Салтанатты жиында Түркістан облыстық мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғ. Ерназаров құттықтау сөз сөйлеп, облыстық «Музейлер шеруі» байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

Байқау қорытындысына сәйкес, қатысушылардың шығармашылық және кәсіби жұмыстары жан-жақты бағаланып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
 
Бас жүлде - «Руханият – Әбу Нәсір әл-Фараби» музейі ұжымына автокөлік табысталды.
Сонымен қатар:
І орын - Қажымұқан атындағы облыстық спорт музейі;
ІІ орын - Бәйдібек аудандық сәулет-көркем музейі;
ІІІ орын - Кентау қалалық музейі жүлделі орындарға ие болды.
 
Байқау аясында бірқатар арнайы номинациялар бойынша да үздіктер анықталып, марапатталды. Атап айтқанда: «Үздік филиал», «Үздік экскурсовод», сондай-ақ «Ұлы Дала тарихы бағытындағы үздік жұмыс», «Өнер бағытындағы үздік жұмыс», «Тарихи-өлкетану бағытындағы үздік жұмыс», «Мемориалдық бағыттағы үздік жұмыс» және «Мәдени-ағартушылық бағытындағы үздік жұмыс» номинациялары бойынша үздік деп танылған қатысушыларға лайықты марапаттар табысталды.
 
Байқау өңір музейлерінің кәсіби дамуына серпін беріп, тарихи-мәдени мұраны дәріптеуге бағытталған маңызды жоба болып табылады.