«Оңтүстік өңірі – құндылықтар мекені» аттыкөшпелі көрмесінің ашылу салтанаты өтті
«Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығы» РМҚК-нің «Сапар орталығы» ғимаратында Түркістан облыстық тарихи-өлкетанумузейі мен Шымкент қалалық музейлербірлестігінің бірлескен «Оңтүстік өңірі – құндылықтар мекені» атты көшпелі көрмесісалатанатты түрде ашылды.
Салтанатты шара барысында Отырар аудандық Балалар және жасөспірімдер орталығының директоры Қуанышбаева Алтын Оралханқызы, Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің шығармашылық жөніндегі орынбасары Нарикова Райхан Дәрменқызы, «Отырар» мемлекеттік археологиялық мухзей-қорығы» РМҚК ғылыми істер жөніндегі орынбасары Шоқай Ералы Төлендіұлы, сондай-ақ Шымкент қалалық музейлер бірлестігінің Ғылыми-әдістемелік және экспозициялық-көрмелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Айгүл Мәлікқызы Жолбасхан құттықтау сөз сөйлеп, көрменің ғылыми-мәдени маңызына тоқталды.
Көрменің басты мақсаты – оңтүстік өңірдің сан ғасырлық тарихи-мәдени мұрасын кеңінен насихаттау, музей қорларында сақталған бірегей құндылықтарды көпшілікке таныстыру және өңіраралық мәдени ынтымақтастықты нығайту.
Көрмеде Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі қорынан халқымыздың тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін, қолөнер мәдениетін айшықтайтын әшекей бұйымдар, құнды этнографиялық бұйымдары мен қатар Шымкент қалалық музейлер бірлестігі қорынан Шымкент қаласының 2200 жылдық тарихы мен бай тарихи-мәдени мұрасын насихаттайтын көне қала мәдениетінен сыр шертетін археологиялық, этнографиялықжәдігерлер көпшілік назарына ұсынылды.
Сонымен қатар, мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің ұлттық мәдениет пен руханиятты жаңғырту жолындағы ерен еңбегіне арналған арнайы бөлім жасақталып, қазақтың дәстүрлі қолөнеріне қатысты бірегей экспонаттар таныстырылды.
Іс-шара аясында мен «Отырар» мемлекеттік археологиялық мухзей-қорығы» РМҚК «Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі» МКҚКарасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжат алдағыуақытта ғылыми-зерттеу жұмыстарын бірлесіпжүргізуге, көшпелі көрмелер ұйымдастыруға, қоралмасу, тәжірибе бөлісу және мәдени мұраныдәріптеу бағытындағы өзара байланысты жаңадеңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
Аталғанкөрме – өңір музейлерініңынтымақтастығын нығайтып қана қоймай, ұлттықтарихи-мәдени мұраны кеңінен танытуға, өскелеңұрпақтың тарихи санасы мен руханиқұндылықтарын
