Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
AA+
Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
Мекен жайы:
Шымкент қ., Әл-Фараби ауданы, Бәйдібек би даңғылы, 115а
Байланыс номері
+77252775579
Кіру
Тіркелу

Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінде 27 наурыз – Халықаралық театр күніне орай «Өмір айнасы – сахна» атты іс-шара ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: театр өнерінің қоғамдағы маңызын насихаттау, көрермендерге сахна арқылы адам өмірінің түрлі қырларын таныту, эстетикалық талғамын қалыптастыру және рухани-мәдени құндылықтарды дәріптеу. Сонымен қатар, жас ұрпақты өнерге баулу, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және театр мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру. Іс-шараға Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының Шымкент қалалық қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі Макпал Назарбайқызы, Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының ардагер актрисасы Раушан Салова және ақын,әнші, актриса Алтынай Алиева,"Format E" Республикалық мәдени даму оқу-әдістемелік орталығының директоры, М.Әуезов атындағы ОҚУ аға оқытушысы, ҚР Мәдениет саласының үздігі Ауесбаев Ерлан Сатыбалдыұлы қатысты. Тағылымы мол іс-шара өскелең ұрпақтың театр әлемімен кеңірек танысуға, театр өнерінің мәні мен маңызын терең түсінуге, өнерге деген қызығушылықты арттыруға ықпал етеді.