Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі мен музей филиалы Шардара аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен жоспарға сай музей қорындағы құнды жәдігерлерді насихаттау мақсатында Мақта шаруашылығы тарихы музейінде «Көненің көзіндей» атты көшпелі көрме ұйымдастырды.
Көшпелі көрме экспозициясына музей қорында сақталған өңірдің табиғаты, археологиясы, этнографиясы, зергерлік өнері, қолөнері мен тарихи-мәдени мұрасын танытатын құнды жәдігерлер кеңінен қамтылды. Көрмеге қойылған әрбір жәдігер – туған өлкенің өткені мен бүгінін сабақтастыратын, ұлттық құндылықтарымыз бен дәстүрлі мәдениетімізден сыр шертетін тарихи мұра. Көшпелі көрме көрермендерге бір апта көлемінде ұсынылды.
Көрмені Мақтаарал кентінің тұрғындары, колледж студенттері мен оқушылары тамашалап, музей қорындағы көне жәдігерлермен жақын танысуға мүмкіндік алды.
Бұл көрменің мақсаты — музей қорындағы тарихи-мәдени құндылықтарды көпшілікке таныстыру, ұлттық мұраны дәріптеу, сондай-ақ музейлер арасындағы ынтымақтастықты нығайту.