Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
AA+
Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
Мекен жайы:
Шымкент қ., Әл-Фараби ауданы, Бәйдібек би даңғылы, 115а
Байланыс номері
8 747 154 35 95 — Әбдібек Аделина
Кіру
Тіркелу
 
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі  №2 арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету орталығына барып «Қарттарымыз – ғасыр куәгерлері» атты іс-шара аясында көшпелі көрме ұйымдастырды.
 
Көшпелі көрме барысында музей қорындағы халқымыздың тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін, мәдениеті мен тарихын айшықтайтын құнды жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылды. Әрбір жәдігер – өткен дәуірден сыр шертетін, ата-бабамыздың өмірінен мол мағлұмат беретін тарихтың үнсіз куәгері.
 
Көшпелі көрмені облыс әкімі Н.Көшеров және ақын, қоғам қайраткері Қ.Иса тамашалады.
 
Қарттар – өмір тәжірибесінің қайнар көзі, отбасының берекесі, ұрпаққа бағыт-бағдар берер ақылдың алтын қазығы.
Олардың өнегелі ғұмыры мен тағылымды жолы – кейінгі буын үшін баға жетпес мұра.
 
Барша қарияларымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тілейміз!