Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
AA+
Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
Мекен жайы:
Шымкент қ., Әл-Фараби ауданы, Бәйдібек би даңғылы, 115а
Байланыс номері
+7 771 660 72 03 — Пошан Несібелі Бауыржанқызы
Кіру
Тіркелу

Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінде Құралай Сәтмұхамбетованың шығармашылығына арналған көрменің ашылу салтанаты өтті. Көрменің мақсаты – қазақ музыка өнеріне елеулі үлес қосқан композитор, әнші Құралай Сәтмұхамбетованың өмірі мен шығармашылығын музей кеңістігінде насихаттау, оның рухани мұрасын келешек ұрпаққа таныстыру. Құралай Сәтмұхамбетованың өмірі, шығармашылығы, қызметін кеңінен таныстыру арқылы жас ұрпақты ұлтжандылыққа, өнерге деген құрметке баулу. Тұлғаның өмірбаяны мен кәсіби жолына шолу жасау. Шығармашылық мұрасын – жазбалары, қолжазбалары, фотосуреттері, марапаттарын жүйелеп көрсету. Оның шәкірттерінің естелігі, пікірлері арқылы тұлғаның өнегесін ашу. Көрмені танымдық, тәрбиелік іс-шаралармен ұштастыру.