Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
AA+
Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
Мекен жайы:
Шымкент қ., Әл-Фараби ауданы, Бәйдібек би даңғылы, 115а
Байланыс номері
+7 771 660 72 03 — Пошан Несібелі Бауыржанқызы
Кіру
Тіркелу

Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі «Ғасырлар үнін сақтаған мұра» көшпелі көрмесімен «Шым қала» тарихи-мәдени кешенінде 

 

• Шымкент қалалалық музейлер бірлестігінің «Шым қала» тарихи-мәдени кешенінің Цитаделінде Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі «Мәдени көпір: Түркістан мұралары» жобасы аясында «Ғасырлар үнін сақтаған мұра» атты этнографиялық көшпелі көрмесін ұсынады.

• Көрменің басты мақсаты – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан материалдық және рухани мәдени мұрасын кеңінен насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және музей қорындағы бірегей жәдігерлерді көпшілік назарына ұсыну.

• Экспозицияда қазақ халқының дәстүрлі өмір салты мен қолөнер мәдениетін айшықтайтын киіз үй жабдықтары, зергерлік бұйымдар, ұлттық киім үлгілері, тұрмыстық заттар, сондай-ақ белгілі гобеленші Батырбек Өтептің ұлттық нақыштағы көркем гобелен туындылары қойылады.

• «Ғасырлар үнін сақтаған мұра» көрмесі – өткен мен бүгінді жалғайтын, ата-баба аманатын ұлықтап, ұлттық мәдениетіміздің терең тамырын танытатын тағылымды мәдени шара.

• Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі барша қала тұрғындары мен қонақтарын ұлттық мұрамен жақынырақ танысуға және көрмені тамашалауға шақырады

Өтетін күні: 31 шілде 2026 жыл

Өтетін уақыты: сағат 10:00

Өтетін орны: Шымкент қаласы, «Шым қала» тарихи-мәдени кешені, Цитадель