Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
AA+
Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
Мекен жайы:
Шымкент қ., Әл-Фараби ауданы, Бәйдібек би даңғылы, 115а
Байланыс номері
+7 771 660 72 03 — Пошан Несібелі Бауыржанқызы
Кіру
Тіркелу

Домбыра – қазақтың рухы, ұлттың үні!

Домбыра – халқымыздың сан ғасырлық тарихы мен бай мәдениетін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан қасиетті ұлттық мұра. Әрбір күйдің әуенінде елдің өткені, ерлігі, даналығы мен асқақ рухы жатыр.

Домбыраны насихаттаудың басты мақсаты – ұлттық құндылықтарымызды сақтау, жастардың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру және қазақ мәдениетін әлемге таныту.

Домбыраның үні ешқашан өшпесін! Ұлттық мұрамызды бірге дәріптейік!

Ұлттық домбыра күніне орай Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінде музей филиалдары арасында ұлттық өнерді насихаттауға бағытталған «Домбыра үні – ұлт үні» челленджі ұйымдастырылды.

Бұл челлендж эстафетасын Саттар Ерубаев атындағы әдеби-мәдени музейіне жолдаймыз!