Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
AA+
Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
Мекен жайы:
Шымкент қ., Әл-Фараби ауданы, Бәйдібек би даңғылы, 115а
Байланыс номері
+7 771 660 72 03 — Пошан Несібелі Бауыржанқызы
Кіру
Тіркелу
Бүгін Миртемир атындағы әдебиет музейінде Өзбекстанның Ферғана мемлекеттік университетінен келген профессорлар мен оқытушылар қонақта болды. Қонақтарды музей меңгерушісі Ж. Бейсенбеков қарсы алып, музейдің қызметі мен алдағы жоспарлары туралы қысқаша мәлімет берді. Музей экскурсоводы И. Рахимова қонақтарға музей экспозицияларын таныстырып, ақынның өмірі мен шығармашылық мұрасы жөнінде мазмұнды экскурсия өткізді.
Кездесу барысында әдеби-мәдени байланыстар мен ғылыми ынтымақтастық мәселелері төңірегінде пікір алмасып, әсерлі сәттерге куә болдық. Іс-шара соңында естелік суретке түсіп, қонақтарымызға ізгі тілектерімізді білдірдік.
Құрметті қонақтарымызға сапарлары үшін алғыс айтып, еңбектеріне табыс, шығармашылық шабыт және зор жетістіктер тілейміз!