6 шілде – Астана күніне орай Түркістан тарихи-өлкетану музейінде «Астана – Тәуелсіз елдің жүрегі» атты көрме ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – елордамыз Астананың Тәуелсіз Қазақстанның саяси, экономикалық және мәдени орталығы ретінде қалыптасу тарихын насихаттау, сондай-ақ келушілердің отансүйгіштік сезімін арттыру.
Көрмеге Астананың даму тарихын, сәулеттік келбетін және елорданың жетістіктерін бейнелейтін фотосуреттер, кітаптар мен музей қорындағы құнды жәдігерлер қойылды.
Баршаңызды Астана күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры биік, Астанамыздың мерейі асқақ болсын!
