Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
AA+
Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі
Түркістан облысының мәдениет басқармасының "Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі" МКҚК
Мекен жайы:
Шымкент қ., Әл-Фараби ауданы, Бәйдібек би даңғылы, 115а
Байланыс номері
+7 771 660 72 03 — Пошан Несібелі Бауыржанқызы
Кіру
Тіркелу
18 мамыр күні Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінде Халықаралық музейлер күніне орай кең көлемде «Ашық есік күні» акциясы өткізілді. Іс-шара аясында музей келушілеріне арнайы көрмелер таныстырылып, мәдени-рухани бағдарламалар ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – музей қорындағы тарихи-мәдени мұраларды насихаттау, жас ұрпақтың тарихқа деген қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және халық пен музей арасындағы мәдени байланысты нығайту болды.
Бағдарлама барысында келушілер «Музей – тарих пен мәдениеттің қазынасы» атты көрмемен танысып, музей қорындағы фарфор ыдыстар көрмесін тамашалады. Сонымен қатар музей ардагерлерімен кездесу өткізіліп, музей тарихы мен оның даму жолдары туралы мазмұнды әңгімелер айтылды.
Іс-шара барысында балаларға арналған театрландырылған қойылымдар мен цирк өнері көрсетіліп, қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйланды. Жергілікті композиторлармен шығармашылық кездесу ұйымдастырылып, викториналық ойындар да көпшілік назарына ұсынылды. Кеш соңында Ш.Қалдаяқов атындағы Түркістан облыстық филармониясы әншілерінің қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылып, шам жарығындағы экскурсиямен қорытындыланды.
Іс-шара нәтижесінде келушілердің музейге деген қызығушылығы артып, тарихи-мәдени мұраларға құрмет сезімі нығая түсті. Сонымен қатар музейдің қоғаммен байланысы күшейіп, жастардың рухани-танымдық көзқарасын дамытуға оң ықпал етті.