18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінде музей ардагерлерімен тағылымды кездесу кеші ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – музей саласының дамуына елеулі үлес қосқан ардагер мамандардың еңбегін дәріптеу, жас буынға олардың кәсіби тәжірибесі мен өнегелі жолын насихаттау, сондай-ақ ұрпақтар сабақтастығын нығайту болды.
Кездесуге музей ардагерлері Р. Бекталиева, Г. Аренова, В. Голущан, Н. Саханская, А. Құралбекқызы, Б. Қошанова арнайы қонақ ретінде қатысып, музей саласындағы еңбек жолдары мен естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар, музей ұжымына жүрекжарды тілектерін арнап, мәдени мұраны сақтау жолындағы қызметтің маңыздылығына тоқталды.
Тағылымды басқосу барысында қатысушылар музей тарихы, оның рухани-мәдени құндылықтарды сақтаудағы рөлі туралы кеңінен пікір алмасып, жас мамандарға ақыл-кеңестерін берді. Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония әншілері арнайы дайындаған ән-шашуларын көрерменге паш етті.
